Екібастұзда мұғалім оқушыға жақындасуды ұсынып, хабарламалар жіберген
Екібастұзда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі14 жастағы оқушыға тиісті деп айыпталды. Болған оқиға туралы баланың ата-анасы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Анасының сөзінше, мұғалім оқушыға түрлі хабарламалар жіберген.
"Ол хат жазып, түрлі әдепсіз ұсыныстар айтып, жақындасу туралы аудиожазбалар жіберген", – деп жазды анасы.
Екібастұз білім басқармасы бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Бұған дейін де, қазір де ата-аналар мен балалардан бұл мұғалімге қатысты өтініш түспеді. Ақпаратты көре салысымен мұны полицияға бердік", – деп жауап берді басқарма өкілдері.
Қазіргі таңда құзырлы органдар Қылмыстық кодекстің 123-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу" бабымен тексеріс жүргізіп жатыр.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды