Екібастұз көшесінде құбыр жарылып, ыстық судан "субұрқақ" пайда болды
Екібастұзда магистральдық және блокішілік жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілген кезде субұрқақтан ыстық су атқылаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
27 мамырда Екібастұздағы жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығы тексерілді. Сол кезде қауырт жағдай болып, көшелердің бірінде субұрқақ атқылаған.
Оқиға куәгерлері видеоны түсіріп, желіге жариялады.
"Екібастұз жылу желілері" кәсіпорны жағдайға түсініктеме берді.
"Іске қосу кезінде 426 диаметрлі жылу желісінің зақымданғаны анықталды. Қазір залал шешіліп, судың ағуы тоқтады. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді "Екібастұз жылу желілері" кәсіпорнының директоры Евгений Банченко.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда коммуналдық желілердің 90%-дан астамы тозып тұрғаны туралы жазған едік. Қалада құбыр жарылып, төтенше жағдай жарияланды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар