Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда құбыр желісі жарылып, қалада төтенше жағдай жарияланды

Павлодар облысы Екібастұз қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото "Екібастұзжылунерго" АҚ

Екібастұз әкімдігінің мәліметінше, бұған құбыр желісі бөлігінің опырылуы себеп болған. Қаладағы 50 жылдық көшесіндегі магистральды кәріз коллекторы әбден тозған. 

Соның салдарынан құбыр бойымен өткізу қабілеті едәуір төмендеп, көптеген сызат пайда болды. Апаттар жиілеп, ақыр соңында құбырдың жоғарғы бөлігінде топырақ опырылып түсті. 

Жауаптылар бюджеттен қаражат бөлінуі үшін төтенше жағдай режимін жариялауға мәжбүр болды. Жөндеу жұмыстарына 5 миллиард теңгеден астам қаражат керек. 

Екібастұз әкімінің орынбасары Ержан Салханов 4 жылдан бері топырақ төрт рет опырылып түскенін айтты.

“Екібастұздың 50 жылдығы көшесі бойынша өздігінен ағатын кәріз коллекторында ұзақ пайдаланып, тозуына байланысты құбыр лайланып кеткен. 2020 жылдың шілдесінен бері құбырдың беткі қабатында 4 рет топырақ опырылып, одан әрі ұлғайып жатыр”, – деді әкім орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда коммуналдық желілердің 90%-дан астамы тозып тұрғаны туралы жазған едік. Әсіресе, кәріз жүйесіндегі коллекторды жедел жөндеу қажет. Сондықтан төтенше жағдай жариялау жөнінде шешім қабылданды. 

Талқылау