Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жасты алып шығуым керек еді": Индира Расылхан той үстінде тосын оқиғаға тап болды

Танымал әнші Индира Расылхан той кезінде қызық оқиғаға тап болғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Өнер иесінің жеке парақшасынан алынды 

Дінге бет бұрған әнші соңғы кезде тойларға шығып, шығармашылықты қолға алып жатқанын айтты. 

“Алланың қалауымен қызық-қызық нәрселер бола береді ғой. Екі жасты алып шығуым керек еді, оқып тұрған флешка шығайын деп тұрғанда оқымай қалады ғой. Ойлаш. Мені хабарлап қойған, ал менің әнім жоқ. Осындай жағдайларда қалай болар едіңіздер? Мен байсалдымын. Солай болу керек болған, солай болды", – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, өнер иесі дін жолында жүрсе де өнерден қол үзе алмайтынын жасырмаған еді.

“Соңғы кезде мен жайлы хейт өте көп жүріп жатыр. Біріңіз “Осы кім боларын білмей жүр” деп жатсыздар. Менің ең басты мақсатым – адамға пайдалы болу. Әнімді жақсы көрген алтындарым сол, мен әлі де жаңа әніммен сіздерді қуантатын боламын. Психология – менің жаңа бағытым. Ал менің жаңа бағытымды қолдайтын жандар бар ма?! Менен кеңес алғысы келетін қыз-келіншектің қарасы көп. Хейт жазатындардың тілдеріне тағы да тиек болатын болды-ау”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, "Досымның әйелі үйден кетіп қалды" деп Әнші Индира Расылхан Роза Әшірбаеваны отбасылардың ажырауына себепкер деп кінәлаған еді. 

Талқылау