Екі рет үйленген Екібастұз тұрғыны балаларына 5 млн теңге қарыз болып қалды
Екібастұзда алимент төлеуден қашып жүрген ер адам балаларына 5 млн теңге қарыз болып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам екі рет некеде болған. Әр отбасыда кәмілеттік жасқа толмаған балалары бар. Ол ешбір баласына алимент төлемеген.
Ер кісінің бұрынғы әйелдері сот орындаушыға жүгінді. Ер адамның балаларына 5 млн теңгеден аса қарыз болып қалғаны анықталды.
Учаскелік инспектор алимент төлеуден қашып жүрген әкейді тапты. Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша екі әкімшілік іс қозғалды.
Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін де алимент төлемейтін болса, қылмыстық іс қозғау жағы қарастырылмақ.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды