Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі мыңнан аса қазақстандық Оңтүстік Кореяда тұруға өтініш білдірген – БАҚ

2023 жылы екі мыңнан аса қазақстандық Оңтүстік Кореяда тұру үшін өтініш қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото pixabay-дан

Оңтүстік Кореяның иммиграциялық қызметі 2023 жылы 18 838 адамның елге қабылдауын сұрап, өтініш білдіргенін айтады.

Деректерге сай, Оңтүстік Кореяға кіргісі келгендер ішінде 5 750 өтінішпен Ресей азаматтары көш бастап тұр. Ал бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 1000-нан сәл асқан екен.

2023 жылы қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда өмір сүру үшін 2094 өтініш берген. Одан кейінгі орындарда Қытайға 1 282 адам, Малайзияға 1 205 адам, Үндістанға 1 189 адам, Моңғолияға 836 және Түркияға 564 адам өтініш берген.

Дегенмен Оңтүстік Кореяның иммиграциялық заңдары өте қатаң. Мәселен, 1994 жылдан бері 100 мыңнан астам өтінім түссе, соның тек 4052-сі мақұлданған.

2023 жылдың жазында Қазақстанның Оңтүстік Кореяның EPS еңбек рұқсаттары жүйесіне қосылатыны хабарланды.



Ресми деректерге сүйенсек, 2023 жылы Оңтүстік Кореяға Қазақстанның алты мың азаматы жұмысқа барған. Ал Кореяның көші-қон қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері онда еңбек визасы жоқ жеті мыңға жуық Қазақстан азаматы бар екені анықталған. 

Бұл елде заңсыз қызмет етіп жүргендер жарақат алу қаупі жоғары өндірістерде медициналық сақтандырусыз жұмыс істейді. Көбі елден шыққанға дейін алаяқтардың құрбаны болып жатады.

Еске салсақ, Оңтүстік Кореяның енді қазақстандықтарды заңды түрде жұмысқа қабылдайтынын хабарлаған едік. 

Талқылау