Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі күйеуден кейін керек емес": Мөлдір Әуелбековаға оқырмандары үшінші рет тұрмыс құрмауға кеңес берді

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекованың болашақ жарына қатысты жазбасы сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Өнер иесі тұрмыс құруға қарсы емес екенін жұрттан жасырмай ашық айтып жүрген еді. 

“Айналайын болашақ жарым! Сені енді Ыстамбұл көшелерінен іздеп жүрмін,
қайдасың?”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін қызының туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба жариялады. 

“МашаАллаh! Өмірге деген көз қарасымды түбегейлі өзгерткен ақ қызым, Айаруым! Туған күніңмен, ақ жүрегім! Ер жүрегім Салтай екеуімізге еркелеп, көз қуанышымыз болып жүре бер", – деген жазба арнады өнер иесі. 



Желі қолданушылары ақжарма тілектерін жаудырып, қос балапанға қуаныш тілеп жатыр. 

“Екі балаң екі күйеуден, үшіншісі керек емес”, “Көзіңе көрінген қос балапаның аман болсын!”, “Қызыңның көзі әкесінің көзінен аумай қалыпты”, “Енді ешкімді іздемей-ақ қой”, “Енді ешкімді іздеме, керек адамды Алла өзі жібереді", "Сен оны емес, ол сені іздесін", "Бар бақытқа лайықсыз ғой", "Өзіңізді қабылдай алмайтын сияқтысыз", "Екі-үш рет тидің ғой", "Жетпей ме? Ерсі екен", – деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова намазхан жігіттердің періште емесін айтқан еді. 

Талқылау