Екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға автокөлік сыйға берілді
Фото: Спортшының жеке парақшасынан
21 желтоқсанда Алматы қаласының бокс федерациясы жылдың қорытындысына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Аталған жиын барысында бокстан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға су жаңа автокөлік табысталды. Бұд туралы Stan.kz хабарлайды.
Шара кезінде еліміздің намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген өзге де спортшыларға сый-сияпат көрсетілді.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова наурыз айында өткен әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, биыл қыркүйек айында Англияда өткен жарыста да әлем чемпионы атанды. Осылайша, бір жылдың ішінде екі мәрте әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Бұдан бөлек, оның еншісінде әлем чемпионатының күміс және қола жүлделері бар. Сондай-ақ, ол 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионы атанған.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"

