Екі баланың әкесі: Италиялық трансгендер әйелдер арасында жүгіруден Паралимпиадаға қатысқан
Париждегі Паралимпиадада италиялық трансгендер Валентина Петрилло қатысып, финалға өте алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Valentino_petrillo Instagram-парақшасы
Италиялық Валентина Петрилло Т12 класында (көру қабілеті нашар) әйелдер арасында 400 метр қашықтыққа жарысты. Петрилло 2017 жылы жынысын ауыстырған биологиялық ер адам екен.
Бірінші жарыста ол 58,35 секунд нәтиже көрсетіп, жартылай финалға шықты. Бірақ финалға шыға алмады.
Әзірге ол – Паралимпиададағы жалғыз трансгендер. Бірақ бұған дейін Рио-2016-да нидерландылық транссексуал болған.
“Паралимпиада комитетінде трансгендерлерге қатысты нақты ережелер жоқ. Бұл – халықаралық федерациялардың жауапкершілігі", – деді Паралимпиада комитетінің өкілі.
Валентина Петрилло 2015-2018 жылдары ерлер арасында жүгіруден жарыстарға қатысқан. Оның 11 титулы бар екен. Алайда 2017 жылы гормон терапияcынан өтіп, жынысын өзгертуге шешім қабылдады.
Сондай-ақ ол – екі баланың әкесі.
Еске салайық, бұған дейін Париж Олимпиадасында алжирлік боксшы Иман Хелиф трансгендер деп айыпталған еді. Алайда спортшының әкесі Иман Хелиф оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеді.