Екі аяғын жұлып кеткен: Павлодардағы көлік жуу орталығында болған оқиғаға кінәлі ер адам қамауға алынды
2020 жылғы 31 қазанда, Павлодар қаласында, Мира көшесінде орналасқан автокөлік жуатын қызметкерді көлік басып кетіп, аяғынан айырылған болатын. Кінәлі адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған және мас күйде болған ер адам алға жылжып келе жатып, қызметкер әйелді басып кеткен.
Әйел дене жарақаттарын алып, екі аяғына қатты зақым келген.
Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Ер адам Павлодар қаласында қамауға алынды.
Сондай-ақ, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодардағы автожуу орнының қызметкері әріптесінің кесірінен аяғынан айрылды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды