Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі аптадан кейін Қазақстандағы эпидемиялогиялық ахуал тұрақталады - ресейлік дәрігер

Ресейлік дәрігерлер Қазақстанда тамыз айының басына дейін қалмақшы. Бұл туралы нұр-сұлтандық дәрігерлерге жәрдемдесіп жатқан пульмонолог Евгений Попов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

ПоповСурет: sputniknews.kz сайтынан

"Алғашында біздің іссапар екі аптаға созылуы керек болған. Кейіннен қажетті уақытқа ұзартылды. Шілденің соңына дейін, тамыздың басына дейін қаламыз деп отырмыз. Біз кейбір жағдайлар бойынша ем шараларын ұйымдастыруды қадағалап отырамыз. Сіздерде дәрігерлер жетерлік. Менің ойымша, біз қайтар кезде Қазақстандағы жағдай тұрақталады. Мүмкін, карантин де осы уақытта аяқталады", - деді ресейлік маман. 

Сөзінше, аурудың өршуі жақын арада басылуы мүмкін. 

"Меніңше, жақын арада індеттің шарықтау шегі қайта төмен түседі. Екі аптадай уақыт қажет. Сол кезде ғана бірнәрсені кесіп айтуға болады. Біз ең алғашқы рет келгенде жағдайы өте ауыр науқастар болған еді. Қазір мұндай пациенттердің саны азайды", - деп қосты пульмонолог. 

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік мамандар Қазақстандағы әріптестеріне көмектесуге келгені айтылған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр