Екі адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанды: Шымкенттегі дәмханада атыс болды (видео)

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болып, салдарынан екі адам көз жұмып, тағы төртеуі жарақаттанды.

Екі адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанды: Шымкенттегі дәмханада атыс болды

Сурет: Otyrar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 29 қазанда сағат 17:30 шамасында Арғынбеков көшесіндегі дәмханада орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, оқ атқандар саны екеу болыпты. Олар қарудан оқ жаудырғаннан кейін бірден оқиға орнынан ізін суытып, «Сайга» модельді екі қаруды дәмханадан 300 метр қашық жерге лақтырып кетіпті.

Оқиғадан кейін тергеушілер мен криминалистер дәмхана аумағын қоршауға алды. Сонымен қатар дәмхана маңына Toyota 70 және Lexus RX 350 маркалы екі көліктің тұрғаны хабарланды. Құқық қорғаушылар олардың бірінің салонынан қомақты ақша тапты. 

Дәмханада атысқа қатысқандардың бірі оқ жарақатынан тіл тартпай кетті. Инсайдер мәліметінше, артынша тағы бір адам көз жұмған.

Ал зардап шеккен 4 адам қалалық №1 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілер – 1984, 1987, 1989 және 1996 жылғы азаматтар.

Дәмханадағы атыс дерегі бойынша ұсталғандар бар.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкім пара ретінде соңғы үлгідегі смартфон және 4 млн теңге алған: Бір топ шенді ұсталды

Әкімді пара алу сәтінде емес, ұялы телефонды тыңдау арқылы қолға түсірген

Таяқ тастам жерге 60-70 мың теңге сұрап құныққан таксистер арнайы тексеруден өтпек

Шетелдіктерге қаланы кәсіби таныстыру үшін гидтер де арнайы оқытылатын болады

БҚО-да 7-сынып оқушысы желідегі жазба үшін өзіне қол салды

Көз жұмған бала отбасында жалғыз ұлы болған

Адамға ұқсап туған лақ тұрғындарды таңғалдырды

Ауыл тұрғындары мутант-лақты құдай бейнесі деп табынып жүр

Сексен жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжанов жасарып кетті

Мәдина Сәдуақасова: Өнер адамына осындай өзгеріс керек

Перзентханада жаңа туған сәбиді ит жеп кетті

Аурухана басшысы баланың өлі туғанын айтты

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық жол жабық

Биылғы қыста жауын-шашын мол болды

Оглядывайтесь вокруг, запирайте двери: Певица Уатхан Заханқызы призвала девушек к осторожности

Көкшетауда студент  университеттің алтыншы қабатынан секіріп кетті

Курстастары оның аяғын ұстауға тырысты, бірақ нәтиже болмады

Мұғалім қыздардың етегінің астын жасырын камера арқылы бақылап келген

Ер адамның үйінен балалар порнографиясын қамтитын 100-ден астам суретті тапты
Çàãðóçêà...