Эйфель мұнарасының бір бөлігі аукционда жарты миллион еуроға жуық сомаға сатылды

Францияда Эйфель мұнарасы баспалдағының түпнұсқа бөлігі аукционда 450 мың еуродан астам (246,2 миллиард теңге) қаржыға сатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Arcurial аукцион үйінің мәліметінше, сатылымға биіктігі шамамен 2,7 метр болатын, 14 басқыштан тұратын бұрандалы баспалдақтың бөлігі қойылған. Аукцион барысында сатып алушының есімі жарияланған жоқ.
Сатылған фрагмент Эйфель мұнарасының екінші және үшінші деңгейлерін жалғап тұрған. Дәл осы баспалдақпен 1889 жылғы Бүкіләлемдік көрмеге келген қонақтар көтерілген. Мұнараны инженер Гюстав Эйфель сол көрме үшін салған еді.
Салмағы шамамен 1,4 тонна болатын конструкция 40 жылдан астам уақыт бойы жеке коллекцияда сақталған. Саудаға шығарылар алдында оны Эйфель мұнарасын күтіп-баптайтын мамандар қалпына келтірген.
Оқыңыз1983 жылы мұнараны жаңғырту кезінде екінші және үшінші деңгей арасындағы ескі баспалдақ қауіпті деп танылып, алынып тасталған. Кейін ол 24 бөлікке бөлініп, әртүрлі елдерге таратылған. Қазір оның кейбір бөліктері Азаттық мүсіні маңында, музейлерде, Жапониядағы жеке бақтарда және Диснейленд аумағында сақтаулы.
Айта кетейік, Эйфель мұнарасы 1889 жылғы Бүкіләлемдік көрме үшін уақытша нысан ретінде салынған. Алайда кейіннен ол Париждің басты символдарының біріне айналып, әлемдегі ең көп келуші қабылдайтын орындардың қатарына енді.
Еске салайық, бұған дейін Қытайда биіктігі 625 метр болатын әлемдегі ең биік көпірдің құрылысы аяқталғаны хабарланған еді. Хуадцзян каньоны арқылы өтетін нысан Эйфель мұнарасы мұнарасынан екі есе биік болып, инженерлік рекорд орнатқан.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?