Египетте белгісіз вирус байқалды: Мыңға жуық науқас анықталған
Египетте Кена провинциясына жататын Эль-Аликат ауылының тұрғындары белгісіз вирустың белгілерін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқастарда дене қысымының жоғарылағаны, сүйектердің солқылдағаны, құсу және бас айналу белгілері байқалады. Бірақ ешқайсысы ауруханаға жатқызылмады.
"Шағымдарды зерделеу үшін профилактикалық және медициналық көмек көрсету және эпидемиологиялық қадағалауға бригадалар жіберілді, пациенттерден талдаулар алынды", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.
Сол ауылға дәрігерлері бар 50-ге жуық көлік жіберді. Ауыз су сынамалары да алынды.
Әр түрлі мәліметтерге сәйкес, мыңға дейін жергілікті тұрғын анықталмаған осы аурудың белгілеріне шағымданды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі