Дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды
Фото: Тұрар Қазанғапов
Бүгін Венгрияның астанасы Будапешт қаласында дзюдодан әлем біріншілігі ресми түрде бастау алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыс алдындағы жеребе тарту рәсімінің нәтижесінде Қазақстан құрамасы балуандарының алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды.
Әйелдер арасындағы бәсеке
48 келіге дейінгі салмақ
Әбиба Әбужақынова турнирдегі алғашқы белдесуін ресейлік Марина Воробьева мен сербиялық Андреа Стоядинов арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшымен өткізеді.
Ал оның командаласы, Ғалия Тынбаева, Нидерланд елінің өкілі Эмбер Херсйэспен татамиге шығады.
63 келіге дейін
Эсмигүл Куюлова алғашқы кезеңде словениялық балуан Кайя Кайзермен кездесу өткізеді.
Ерлер құрамасы
60 келіге дейін
Мағжан Шамшадиннің қарсыласы – АҚШ атынан келген Дэвид Терао.
Шерзод Давлатов алғашқы кездесуін Харим Ли (Оңтүстік Корея) мен Дэниэль Леутгебтің (Австрия) арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен дзюдошымен өткізеді.
66 келіге дейін
Бұл салмақта ел намысын қорғайтын Ғұсман Қырғызбаев Мартин Сетц (Германия) мен Сюэ Цзыян (Қытай) арасындағы белдесу жеңімпазымен жолығады.
73 келіге дейін
Есет Қуановтың қарсыласы француз Жоан-Бенжамен Габа мен венгриялық Даниэль Сегеди арасындағы кездесуде анықталады.
81 келіге дейін
Абылайхан Жұбаназар Молдавия құрамасындағы Петру Пеливанға қарсы сынға түседі.
90 келіге дейін
Мейірлан Максимнің алғашқы қарсыласы – Франция елінің балуаны Алексис Матье.
100 келіге дейін
Нұрлыхан Шархан Баймұрат Мажановпен (Түрікменстан) татамиге шығады.
Сондай-ақ, Марат Байкамуров Куба спортшысы Заиль Рамирес пен Гвинея өкілі Миллимоно Абдулайе арасындағы кездесуден кейін белгілі болатын қарсыласпен белдеседі.
+100 келі
Ауыр салмақтағы ел намысын қорғайтын Ерасыл Қажыбаевтың алғашқы қарсыласы – Оңтүстік Кореядан келген Минджон Ким.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады

