Джордж Клуни 55 жасында алғаш рет әке атанды
2014 жылы қыркүйекте Амаль Аламуддин танымал актердің келіншегі атанған сәттен бастап, бүкіл әлем оның жүктілігі туралы сөз ете бастаған.

Фото: hochu.ua
Алайда бас қосқандарына 2 жыл болғанына қарамастан жұлдызды жұп балалы болмаған. Бірақ, жуырда ғана бұл отбасында қуанышты жаңалық қылаң берді.
“Амальдың бақыттан басы айналуда”, – деп хабарлаған Клуни журналистерге. Оның сөзінше, 38 жастағы келіншегі екіқабат.
Қазіргі жарымен танысамын дегенше Клуни бойдақ болды. 2016 жылдың басында ол әйелінің жүктілігі туралы сұрақ қойған тілшіге: “Ол жүкті емес. Бірақ осындай қауесеттің шыққаны маған ұнайды” деген болатын.
Еске сала кетсек, Джордж бен Амаль 2014 жылы 27 қыркүйекте некелесті.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген