Джо Байден алғаш рет Орталық Азиядағы бес елдің президенттерімен кездесу өткізеді
АҚШ президенті Джо Байден келесі апта алғаш рет Орталық Азиядағы бес елдің басшыларымен кездесу өткізеді. Оның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездесу болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ақпаратты Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді.
Кездесу Нью-Йоркте өтпек. Онда Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы отырысының "жоғары деңгейдегі аптасына" қатысу үшін барады.
"Президент Орталық Азияның бес мемлекетінің – Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның президенттерімен кездеседі. Бұл С5+1 форматындағы тұңғыш президенттік саммит болмақ", - деді Салливан брифингте.
Ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен, Бразилия президенті Лула да Силвамен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуге ниетті.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған