Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джекпот ұтып алған ер адам байлығынан айырылып терезе сатушысы болды

Ұлыбританияның Шығыс Сассекс округіндегі Сент-Леонардс-на-Си қаласының тұрғыны джекпот ұтып алып, кейін ақшасының көп бөлігінен айырылып, қайтадан терезе сатушысы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: meta.ua

1995 жылы қазір 61 жастағы Марк Гардинер мен оның серіктесі Пол Мэддисон лотереядан 22 миллион фунт стерлинг (13,5 миллиард теңге) ұтып алады. Олар ұтысын екіге бөледі. 

Гардинер және оның төртінші әйелі Бренда бірнеше миллиондарын сәтсіз инвестицияларға салған. Дегенмен ер адамның кейбір инвестициялары сәтті болды. Британдық байлығының бір бөлігін Hastings United футбол клубына және өзінің Croft Glass компаниясына жұмсаған. 18 жылдан кейін джекпот иесі әдеттегі жұмысы – терезе сатуға қайта оралды. Ол өзі құрған компаниясын басқарады, тапсырыстарды өлшеу, бағалау және қабылдаумен айналысады. Ер адам әлі де футбол командасының өміріне белсене араласады және Барбадостан үй сатып алған. Сондықтан оны байлығынан тұтастай айырылды дей алмаймыз. 


Келер жылы кімдерге үйленуге болмайды: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал


Ер адам қайтадан лотерея ұтып алса, көптеген шешімдерін өзгертетінін айтты.

"Мен жұмысты тоқтатар едім", — деді ол. Сондай-ақ компания құру бастамасы ол үшін сәтті өткен тексерудің бір түрі екенін жеткізді.

"Мен оны дамыту үшін жеткілікті қабілетім, дағдыларым және білімім бар-жоғын білгім келді", - деп түсіндірді ол.

Британдық әлі күнге дейін апта сайын лотерея ойнайды. Ол 1995 жылы жеңген сандарды қайта қолданып жүр.

Гардинер Мэдисонның Иегова өкілі екенін және Шотландияда тұратынын айтты.

Талқылау