Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Астанада қазақ баласының тұсауын кесті (видео)

Джеки Чан Астанада қыз баланың тұсауын кесті.

1529572

Джеки Чан қыз баланың аяғына байланған ала жіпті кесіп, оның бетінен сүйеді. Сондай-ақ видеодан тағы бір қыз баланың тұсауы кесіліп жатқанын көруге болады. Екі бүлдіршінге де қазақ көйлек кигізген.

«Джеки Чан балалардың тұсауын кесті!», – деп жазды видеоны Instagram желісіне жүктеген Videogram_kaz тобы.

Бүгін түнде әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам Джеки Чан Астанаға ат басын бұрды.

Айта кетейік, 7 маусымда Астанада қытай киносы фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Шараның арнайы қонағы – әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытайлық актер, кинорежиссер, кинопродюсер Джеки Чан. Фестивальдің ашылуында ол “Кунг-фу йога” фильмін ұсынбақ.

“Қазтелефильм” мен “China film group” киносүйер қауымға соңғы жылдардағы үздік қытай фильмдерін ұсынады. Барлығы фестиваль бағдарламасы бойынша 7 —18 маусым аралығында 6 фильм көрсету жоспарланған.

Тағы да оқыңыз:

Джеки Чанмен вальс билеген Динара Сәтжан желіні “жарды” (видео)

Джеки Чан мен Димаш сахнада ән шырқады

Джеки Чан Қазақстанда фильм түсірмек

Талқылау