Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда балалар арасында жаңа індет тарады дегенді жоққа шығарды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда эпидемиологиялық конференция өткізіп, жаңа індет тарады деген ақпараттың жалған екенін анықтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қытайдағы жүздеген бала пневмонияны жұқтырған, алайда бұл белгісіз індет емес.
Қытайдың солтүстігінде ауруханалар лық толып, балалар сыймай жатыр деген ақпарат тараған.
Барлық жағдайды білу үшін ДДҰ Қытай билігіне елдегі жағдай туралы толық есеп алу үшін жүгінді.
"Қытай билігі Бейжің мен Ляонинді қоса алғанда, ерекше немесе жаңа патогендер, белгісіз клиникалық көріністер табылмағанын, тек белгілі патогендердің көптігінен тыныс алу жолдары ауруларының таралғанын хабарлады", – деді ДДҰ баспасөз қызметі.
Қытай бұл ауру микоплазмалық пневмония, аденовирус және тұмаудан туындаған инфекциялардың жиынтығынан туындады деп болжауда.
Бұған дейін Қытайда белгісіз пневмония түрі тарады деген ақпарат шыққан еді.
Талқылау
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады
"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр