Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді
Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды. Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының (ХЭБ) ресми сайты жауапты құзырлы органдардың кәсіби іс-әрекеттеріне байланысты Қазақстанда құс тұмауы мүлдем жоқ деген ақпарат жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан үшін құс шаруашылығы әрқашан аграрлық сектордың маңызды салаларының бірі болып келді. Оның негізгі бағыттары - жұмыртқа мен ет өндірісі. Сондықтан Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының мамандарынан мұндай мәртебені алу құс шаруашылығын одан әрі дамыту үшін өте маңызды.
«Бұл бізге агроөнеркәсіптік кешеніміздің экспорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне жағымды әсер етеді», - деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, баяндамада Қазақстанның ветеринарлық қызметі, ауыл шаруашылығы министрлігі, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті мен Қазақ ветеринарлық медицина ғылыми-зерттеу институтының күш-жігерінің көмегімен қол жеткізілген нәтижелер жаңа нарықтардың ашылуына жақсы серпін беретіні атап өтілген.