Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Тұрар Ыдырыс өзін сынаған Алтынбек Тәшімбетовке жауап берді

Жас әнші Тұрар Ыдырыс аға буын әріптесі Алтынбек Тәшімбетовтің сынына қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Revue News” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

©instagram.com/turar__ydyrys/altynbek_tashimbetov

Әлеуметтік желі Тұрардың сахнада өнер көрсетіп тұрған бейнежазбасы тарайды. Әнші Алтынбек Тәшімбетов видеоның астына әріптесін сахна әдебіне үйретпек мақсатта пікір қалдырған. Тұрар Ыдырыс өз кезегінде айтылған сынға жауап берді.

“Алтынбек Тәшімбетов деген әнші: “Мына бала микрофонды дұрыс ұстауды үйреніп алсын, фонограммаға қосылуды үйреніп алсын” дегендей пікір қалдырыпты. Содан “Ойбу, аға, назардан тыс қалып қойдыңыз ба?” деп ойланып қалдым. Негізі ол кісі өзінің “Айтшы жаным” деген әнін дуэт қылып айтайық деп маған ұсыныс жасаған болатын. Комментарийді фейктен жазбайсыз ба? Парақшасына кіріп қалсам, өзі ғой”, – деп күлді жас әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін әнші Тұрар Ыдырыс марқұм әкесін қалай қуантқанын айтып берген болатын. 

Талқылау