ДСМ: Damumed-ке жалған науқас тіркеген емханалар 75 млн теңге айыппұл төлейді
Damumed қосымшасы айналасындағы дау әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, жүйеге жалған науқастардың көптеп тіркелуі, дәрігердің қабылдауында болмаған адамдардың жүйедегі деректерге сай, дәрігер қабылдауында болды деп көрсетілуі қоғамда резонанс тудырды. Осы тақырып төңірегінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, 2020 жылдың 6 айында 13500 мың факт анықталды.
"Әлеуметтік желіде көтерген мәселенің арқасында ғана емес, ДСМ және медициналық сақтандыру қорының арнайы мониторинг жасайтын жүйесі бар. Өтірік науқастар қайдан шығады? Дәрігерлер қордан артық ақша алғысы келеді. Содан әңгіме шығып отыр. Біз оның бәрін анықтап, оның жол бермеуіне неше түрлі іс-қимылдарды істеп жатырмыз. Емхананың мамандары жалған ақпарат жіберетін болса, соның бағасынан үш есе артық айыппұл төлеу керек жаңағы емхана. Жалпы 13500 факт болған, 75 млн теңге айыппұл төленді!" - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды