"Дос-Мұқасан" тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол билік өкілін кемсітті деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордадағы Есіл аудандық №2 сотқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Мұрат Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігіне (Билік өкілін кемсіту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.
Негізгі сот отырысы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, жайсыз жағдай 14 сәуір күні "Эйр Астана" әуе компаниясында болды. Компания мәліметінше, Мұрат Құсайынов қызметкерлерге дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан. Кейін экипаж ұшу қауіпсіздігі үшін оны тасымалдаудан бас тартты.
Бұл оқиғадан кейін музыкант компания өкілдерінің өзін төмендеткісі келгенін айтты.
Артынша Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Мұрат Құсайыновқа 12 625 теңге (5 АЕК) көлемінде айыппұл салды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”