Доллардың қымбаттауы: Ұлттық қордан балаларға берілетін төлемақы мөлшері көтеріле ме
Доллар бағамының өсуіне байланысты балаларға қордан берілетін төлем өсе ме деген сұраққа Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Оның айтуынша, бұл мәселе енді долларға емес, Ұлттық қорға байланысты.
“Қазір мемлекет қаржысында ақша тапшылығы байқалуда. Бюджетке түспейтін салықтар Ұлттық бюджеттен түсетін трансферттер арқылы қаржыландырылады. Ұлттық қордан неғұрлым көп ақша алсақ, соғұрлым аз пайыз қосылып, кейін балаларға қайта бөлінетіні анық. Көбірек жинап, аз алып, тиімді басқарсақ, балаларға үлестірілетін қаржы да өседі", – деді Сүлейменов.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бастап "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасы іске қосылып, 1 ақпаннан бастап барлық балалар қордан алғашқы төлемдерді алды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"