Доллар мен рубль арзандады
Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 464,39 теңге (-1,58) болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рубль бағамы да төмендеді (- 8,4509 теңгеге дейін, -0,4291).
Кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша еуро бағамы, керісінше, көтеріліп, 486 теңгеге (+2,50) жетті.
Бұған дейін Ұлттық банк 5 шілдеге доллар мен рубльдің теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялаған болатын. Сейсенбі, 5 шілдеде доллардың ресми бағамы 464,16 теңгеге тең болады. Ал Ресей рублінің ресми бағамы 8,42 теңге.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 462.93 теңге, сату - 466.14 теңге. Рубльді сатып алу - 7.49 теңге, сату - 7.68 теңге.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды