Дизель отынының тапшылығы: Қазақстанда жанармай құю бекеттері жазаланады
Премьер-министр Әлихан Смайылов дизель отынын сатуда еркінсіп кеткен жанармай құю бекеттері жазаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі атап өткендей, Үкімет басшысы отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді.
Жиында дизельдік отынға қатысты түйткілді мәселені "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС құрылтайшысы Болатбек Нәжметдинұлы көтерді. Ол өңірлерде жергілікті жанармай құю бекеттері транзиттік көліктерге дизельдік отынды қымбатқа сатып, ал жеңілдетілген баға қарастырылған отандық көліктерге дизельдік отынды сатпай отырғандарын алға тартты.
"Дүйсенбіден бастап жаңа төлем жүйесі енгізілді. Енді "еркелеп жүрген" жанармай құю бекеттерін лицензиясынан айырғанға дейін жазалаймыз. Жақын арада бұл мәселе реттеледі", – деп жауап берді Смайылов.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”