Дияр Нұрғожай әлемнің ең үздік лигасының чемпионы болған спортшымен жұдырықтасады
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын PFL тұжырымының экс-чемпионына қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Eagle FC тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы болған Дияр Нұрғожай (8-0) келесі жекпе-жегін UAE Warriors тұжырымында өткізеді. Жеңілістің дәмін татпаған отандасымыз әлемдегі ең үздік лигалардың бірі саналатын PFL тұжырымында 2019 жылы чемпион болған аргентиналық Эмилиано Сордиге (23-12-1) қарсы жұдырықтасады. Дияр үшін бұл UAE Warriors тұжырымындағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Ал Эмилиано тағы бір қазақстандық жауынгер Асылжан Бақытжанұлына қарсы жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. Бұл жекпе-жек 18 мамыр күні, Абу-Даби қаласында өтеді.
Айта кетейік, Дияр Нұрғожай бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, менеджері Саят Абрахманов UFC тұжырымымен келісімшартқа отыру мүмкіндігінің артатынын айтты.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

