Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан алғаш рет өзінен 17 жас үлкен күйеуі жайлы айтты

Алғашқыда отандық ән жобалар арқылы дүйім жұртқа танылған Динара Сұлтан соңғы бес жылда көрермен көзінен алшақтап қалған еді. Оған өзіндік себеп те бар. Ол осы уақыт ішінде Дубайға қоныс аударып, үш бұрымды мен бір атұстарды дүниеге әкелді. Алайда, күні кеше жаңа альбомның тұсауын кескен әншінің жанкүйерлеріне жеткізер жағымды жаңалығы бар, деп жазады Динарамен тілдескен Stan.kz тілшісі.

динара султан куйеуі туралы

«Аллаға шүкір, Қазақстаныма көшіп келдім. Жолдасымның жұмыс бабымен 5 жылдан астам шет елде тұрдық. Сол уақыт аралығында шығармашылығымда сәл тоқтап қалған болатын. Енді жұмыстың барлығына кірісемін. 5 жылда не тындырғанымды тыңдармандарыма енді ұсынатын боламын» – дейді өзге елде жүріп өз елін сағынған өнер иесі.

ДИНАР 4 БАЛАСЫМЕН

Ерлан Қожасбай – Динара Сұлтанның өмірлік жары. Жастайынан спортты серік еткен жігіт бүгінде отандық меценаттардың тізіміне еніп үлгерген. Сондай-ақ, олар «махаббаттың жасқа қармайтынын» дәлелдеген жұп. Өйткені, дерек көзіне сүйенсек Динараның сүйіктісі өзінен 17 жас үлкен көрінеді. Ал, жұбайлардың таныстығы отандық телеарналардың біріндегі «Екі жұлдыз»  жобасында бастау алған-ды!

«Жолдасымның қазіргі таңда ешқандай қатысы жоқ музыкаға. Ол өнерді сүйеді, жақсы көреді. Бірақ, мені әрдайым қолдап отырады. Сондықтан, алдағы уақытта бірге өлең айту жоспары жоқ» – дейді Динара Сұлтан жары жайлы.

ЕРЛАНН МУЖЖ (1)

Алайда, Динара отағасы туралы жан баласына тіс жармауға бекінген. Тіпті, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тек төрт баласы барын айтқанымен, өмірлік серігі жайлы жақ ашпауға серт берген көрінеді.

«Жанұя ол жеке болғандықтан, ешқандай жеке өмірімді жария қылмауды қалаймын. Бұл біздің ортақ шешіміз. Сондықтан, халық та ренжімейді деп ойлаймын» – деп балаларының әкесі Динараға қатаң талап қойған тәрізді.

ДИНАРА КЫЗДАРЫМЕН

Айта кетейік, Алматыға қоныс аударған әнші, әмбебап өнерпаздардың тізімін толықтырғанын айтады. Динара енді көпшілікке композиторлық қырын танытуға талпынып жүр. Тіпті, күні кеше тұсауы кесілген жаңа үнтаспаның 70 пайызы Сұлтанның сазгерлігінен туындаған.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: 3-4 жыл қыз ұзатып, бірнеше бизнес ашып алдым

Қайрат Нұртастың жұбайымен билеген видеосы желіні “жарды” (видео)

Қайрат Нұртас қазақстандықтарды әйелі екеуі ойнайтын фильмді көруге шақырды

Әбдіжаппар Әлқожа көше кезіп жүрген 8 баланың анасына көмектесуге шақырды (видео)

Талқылау