Динара Қырықбаева сүйіктісімен бірге уақыт өткізген сәтін көрсетті
Динара Қырықбаева сүйіктісі бар екенін тағы білдірді. Әнші онымен бірге уақыт өткізген сәтінен желіге сурет жүктеді. Желі қолданушылары бірден сан сауал қоя бастады.

Динара Қырықбаева біраз уақыт бұрын жолдасымен ажырасып кеткенін мәлімдеген еді. Әнші ортақ балалары болғанымен, жолдары екі жаққа кеткенін ашық айтты.
Ал соңғы күндері кездесіп жүрген адамының барын мойындады. Бұл жолы онымен бірге уақыт өткізген сәтін көрсетті.
Алайда жаңа ғашығының кім екенін айтып, жүзін ашық жариялаған жоқ. Желі қолданушылары бірден сан сауал қоя бастады.
“Сүйіктіңіз бе? Бақытты болыңыз”, “Күйеуі шығар”, “Жолдасыңызды күтпедіңіз бе? Мүмкін, қосыласыздар”, “Бәрі жақсы болсын, әр әйел бақытты болса екен”, “Біреуге біреудің өмірі керек емес, өзі білсін”, “Жүзін неге жасырасыз? Тұрмыс құрасыз ба?”, “Жасы сізден кіші ме?”, “Кәсіпкер шығар”, – деп жазды олар.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі