Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шешінгеніммен, барып жатып аламын демедім": Динагүл Тасова Playboy ұсынысы туралы

Динагүл Тасоваға Playboy журналынан ұсыныс түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның арнасына сілтеме жасап.

Төсін жалаңаштап сахнаға шыққан модель Динагүл Тасоваға ашық суреттерін көргеннен кейін, белгілі журнал Playboy-дан да ұсыныс түскен. Киім киісі дұрыс емес болса да, арудың сөзі мен ойы дұрыс. Ол Қазақстанның шетелге жаманатты болғанын қаламайтынын айтады. 

"Мен шешінгенімен, әрі қарай болды бітті мен Playboy-ға барып жатып аламын деп айтып жатқан жоқпын ғой. Негізі маған Playboy-дан да хабарласты. Кел, сен бізге өтіп тұрсың деп те айтты. Мен келісім бермедім. Көп жағдайда айта бермеймін. Шетелден миллиондаған тапсырыс түсті. Барлығынан бас тарттым", - дейді Динагүл Тасова.

Қазақты тек жақсы жағынан танытуды ойлайтын Динагүл Тасова шетелде ашық-шашық киініп, көрінгеннің етегінен ұстап кететін ойым жоқ деп ағынан жарылды.

"Осы елде жүргеннен кейін, өзімде осы елде көрсеткім келді. Басқа елге барсам, қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрін, киімін, керек болса домбырада да ойнап көрсетемін. Мен шетелде ашық-шашық киініп көрген жоқпын. Олар менің қазақстандық екенімді біледі", - дейді Динагүл Тасова.

Талқылау