Димаштың жаңа әнін тыңдаған көрермендер еріксіз жылап жіберді (видео)
Димаш Singer жобасының гала концертінде өзінің су жаңа әнінің тұсауын кесті. Ол сазгер Айгүл Бабажанованың әніне жазылған “Махаббат бер маған” әнімен қытайлардың жүрегін елжіретті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әдеттегідей лирика, әдеттегідей сезімге толы ән… Димаштың әнді беріле орындауы залда отырған көрермендердің көзіне жас келтірген. Оны видеодан анық байқауға болады.
Айта кетейік, су жаңа әннің сөзін Мұнайдар Баймолда жазған. Өзінің бүгінгі орындауы жайлы Димаш былай деп ой бөлісті:
“Бүгін The Singer жобасының гала концерті өтіп, “Махаббат бер маған” әнінің тұсауы кесілді! Осымен 3-4 ай эфир, одан бұрынғы дайындықтың бәрі артта қалды!… Рас айтамын, осы саxнаны қазірдің өзінде сағынып отырмын…
Бұл жобадан үйренгенім көп болды! Қызығы мен қиындығы қатар жүрген күндерде маған қолдау білдірген баршаға мың раxмет! The Singer жобасының барлық ұйымдастырушыларына Hunan TV раxмет, жеке Хуан Тао мен Хун Сиао мырзаға, барлық менің командама раxмет, жеке Не Сиен мырза, Джонг Енг, Шоколардың орны ерекше, Лаура Шенг xанымға, сонау Оралдан апта сайын аранжировка дайындауда қолдау көрсеткен Ерлан Бекчурин досыма, алматылық Самал Ермаxановқа, атыраулық Бауыржан Ақтаев, Әйгерім Набиева, Кид мырзаға, аударма қызметімен көмектескен Ерзат, Ертай, Думан бауырларыма, бағдарлама барысында көпшілікке мені xабарлап жүргізушілік қызмет атқарған Арай бауырыма, менің стиліммен айналысқан Дуду, Сиао Сиао xанымдар мен Чи мырзаға алғыс білдіремі!
Әр біреуіңіздің мен үшін орындарыңыз ерекше! Үлкен еңбектің артында үлкен адамдар тұрады! Сіздердей кәсіби мамандармен таныс болғаныма, жұмыс атқарғаныма өзімді бақытты сезінемін! Құшақтадым бәріңізді! Ең бастысы әр сәтте менімен бірге болған Dears-тарым сендердің орындарын ерекше! Жақсы көрем сіздерді! Алпамыс сенің орнын бөлек! Сендей жан досым-бауырым барына Аллаға мың да бір шүкір!”.
Жіберіп алмаңыз:
Димашқа небәрі 3 миллион халқы бар Босния-Герцеговинадан хат келген
Димаштың әні Қытайда “Жылдың үздік әні” деп танылды
Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?
Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді
Мұхтар Тайжан “Нұр Отаннан” Димашты саясатқа араластырмауларын сұрады