Димаш Құдайбергеннің әкесі қазақ тілінің мәртебесін қалай көтеруге болатынын айтты
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев қазақ тілінің мәртебесін қалай көтеруге болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қанат Айтбаев мектептер мен жоғары оқу орындарындағы "Қазақ тілі" пәнін "мемлекеттік тіл сабағы" деп атаған жөн деп санайды. Оның айтуынша, бұл өзгеріс қазақ тілінің маңыздылығын барлық ұлттарға ерте жастан бастап сіңіруге көмектеседі.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік тілдің мемлекеттік рәміздер қатарына енгізіліп, заңмен қорғалуы керектігін айтты.
“Мемлекет және мемлекеттік тіл бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мемлекеттік тіл жоқ жерде мемлекет те болмайды!” – деді Қанат Айтбаев.
Айтбаевтың пікірінше, қоғамдық санада мемлекеттік тіл сабағына қатыспау және бұл пәннен төмен баға алу – мемлекетті құрметтемеу болып қабылдануы керек.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты