Димаш Құдайберген Токиодағы концертінің болмайтынын айтты
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мамыр айында Токиода болатын концертін кейінге қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қымбатты достар, үлкен өкінішпен джаз жобасы аясында Токиода 24 мамырда өткізілуі керек концертімнің болмайтынын жеткіземін. Жақында бәрі ойдағыдай болатынына және біз сіздермен Жапонияда ғана емес, басқа елдерде де көрісеміз деп сенемін. Мен сіздерді шексіз жақсы көремін", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Бұған дейін Димаш Құдайберген COVID-19 пандемиясына байланысты "Arnau Tour" әлемдік турын кейінге шегергені туралы хабарланған болатын.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген