"Ол батыстың санкцияларынан қорықты": Продюсер Димаш Құдайбергеннің Игорь Крутоймен қарым-қатынасын не үзгенін айтты
ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген ресейлік композитор Игорь Крутоймен шығармашылық байланысын тоқтатқан. Бұл туралы продюсер және музыка сыншысы Евгений Бабичев қос өнерпаздың арасындағы мәселені NEWS.ru сайтына айтып берді.
Фото: ашық дереккөз
Айта кетейік, Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің талантына талай рет тәнті болған композитор. Қазақстандық әнші ресейлік композитордың сүйемелдеуімен "Любовь уставших лебедей" әнін орындады. Маэстромен алғашқы дуэттің премьерасы НТВ телеарнасындағы "Орталық телевидение" бағдарламасында көрсетілді.
“Олардың арасында үзілістің болғаны түсінікті. Димашта әлемнің әртүрлі аймақтарынан, соның ішінде батыстан келген үлкен команда бар. Бәлкім, Димаш "концерттерінің өтпей қалуынан”, санкциялардан немесе командасынан біреуді жоғалтқысы келмегендіктен осындай шешім шығарды. Менің ойымша, олар ресейлік серіктестерімен тыныш және бейбіт түрде тарқасты. Бұл мәңгі емес, тек шығармашылық үзіліс болды", – деді Бабичев.
Сондай-ақ ресейлік продюсер Димаштың талантына жоғары баға беріп, ресейлік тыңдарманды қуантатынына сенім білдірді.
“Ол Ресейге міндетті түрде оралып, жанкүйерлерімен жолығатынына сенемін. Біз жақта оны қолдайтын халық көп. Әрі олар өте белсенді. Біз Димашты күтеміз. Димаштың диапазонына классикалық әуендер сәйкес келеді. Ол ондай әндердің композиторы Игорь Крутой. Сондықтан Димаш ол кісімен сәтті шығармашылық байланыс орнатты”, – деді музыкант.
Еске салайық, әнші су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындарымен кездескенін жазған едік.