Димаш Құдайберген марқұм Денис Тенге жантебірентерлік жазба арнады
Танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм досы Денис Тен туралы жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/kudaibergenov.dimash
“Жаның жәннатта болсы, досым. Өзіңсіз өткен бес жыл… Еліміз үшін жасаған ерліктеріңді ешқашан ұмытпаймыз”, – делінген жазбада.
Димаш Құдайберген жантебірентерлік жазбасымен желі қолданушыларының да көңілін босатты.
“Оның өмірі сондай қысқа болды, бірақ ол жарқын әрі лайықты ғұмыр кешті”, “Жадымыздасың, Денис”, “Бес жыл өтіп кеткеніне сене алар емеспін”, Өте өкінішті, жүрегіміздесің”, – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелері қиылысында көлік ұрыларымен қақтығыс кезінде қаза болды. 21 шілдеде қазақстандықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"