Димаш Құдайберген махаббат туралы бейнебаянын ұсынды (видео)
Димаш Құдайберген Dears фанаттар армиясын жаңа бейнебаянымен қуантты. Әнші "Okay" атты әнге клип түсірді. Туынды махаббат тақырыбына арналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш бейнебаянда өзінің ғашығын сомдаған арумен түскен романтикалық фотосын жариялап, тыңдармандарын клипті көруге шақырды. Бейнебаянды бір түнде 200 мыңға жуық адам тамашалады.
- Нұрғали Нүсіпжановтің жас келіншегі күйеуінің көзінше Майғазиевтің бетінен сүйемін деп сынға қалды
"Дем ала алмай қалдым. Денем түршігіп кетті. Димаш тек қана алға", "Ал мен таңғалмаймын. Әдеттегідей жоғары деңгейде. Не деген талантты тандем - Крутой, Николаев, Димаш","Өте үлкен әртіс. Бұл хикаядан жүрек ауырды. Көзге жас келді", "Әлемнің мықты режиссерлері қайда? Димашты фильмге түсіріңіздерші, бірден Оскар аласыздар", - деп пікір білдірді тыңдармандар.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"