Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келеді деп ойламадым": Димаш ауыр дертке шалдыққан қыздың арманын орындады

Казань қаласына барған Димаш Құдайберген тыңдарманымен кездесіп, оны бір қуантты. Лейсан әншінің концертіне барғысы келген. Алайда, химия курсын алып жатқандықтан сыртқа шығу мүмкін болмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш

«Лейсан Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергеннің жанкүйері екенін айтқан болатын. Ол Димаш қатысқан World Skills Kazan 2019 рәсіміне қатты барғысы келді. Бірақ алып жатқан еміне байланысты бара алмады. Сөйтіп біз Димаш Құдайбергенді хостиске шақыруды жоспарладық. Дегенмен оның келетініне қатты сене қоймаған да едік. Бірақ ол келді. Біз Лейсанға Димаштың келетінін айтпай, құпия ұстадық. Сүйікті әншісімен кездескен сәтті сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – деп жазылған Анжела Вавилованың атындағы қордың Instagram-парақшасында.

Димаш Құдайберген жанкүйеріне денсаулық тілеп, оны өз концертіне шақырған. Естелікке суретке түсіп, қолтаңбасын қалдырыпты. 

Димаш

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Казань қаласындағы World Skills Kazan 2019 рәсімінің жабылу салтанатына қатысқан болатын. 

Талқылау