Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады
Халық әртісі Димаш Құдайберген танымал актер Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Айта кетейік, 2020 жылы Димаш "Авангард" фильміне Happy саундтрегін орындады. Бұл жолы фильмге өнер иесінің This Love ("Бұл махаббат") әні таңдалған.
“Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны туралы баяндайды. Археолог мұз қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін айтады.
"This Love" әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Оскардың музыкалық төрешісі, маэстро Натан Ванг жазған. Жаңа ән Ван мырза мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы”, – деп жазды dimashnews.com ақпарат агенттігі.
-
"Бір сахнасы – 600 мың доллар": Қайрат Әділгерей жаңа киносына Джеки Чанның не үшін түспегенін айтты
Еске салайық, бұған дейін Джеки Чанның қазақ жеріндегі жайлауға келіп, қытайша ән шырқап отырғанын жазған едік. Ал жанындағы ұлттық киім киген ер адам актерді домбырамен сүйемелдеп отыр. Өнер иесінің бұл видеосы желі қолданушыларын тәнті етті.
“Джеки Чан жайлауда домбырамен ән шырқайды деп кім ойлаған?”, “Қазақ қытай бір туған”, “Нағыз қазақ”, “Жарайсыз”, “Бізді сыйлайтындарды біз де сыйлаймыз”, “Керемет”, “Жақында Джеки Чан қазақша ән айтады, біздің министрлер әлі жүр”, – деп жазды желідегілер.