Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенова атындағы креатив мектептің ашылуына қатысты

Халық әртісі Димаш Құдайберген КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова атындағы алғашқы креатив мектептің ашылуына қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https:dimashnews.com

Білім ордасы 1 қыркүйекте Астанада ашылды. 

“Мектептің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының халық әртісі және опера әншісі Бибігүл Төлегенова, мектептің бас құрылтайшысы және Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайберген қатысты”, – деп жазды Dimashnews.kz ақпарат агенттігі. 



Аталған білім ордасы технологияның тілін меңгергісі келетін және шығармашылыққа жақын балалардың таланты мен білімін ұштамақ.

Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебі – инновациялық білім беру тұжырымдамасын ұсынатын заманауи білім беру орталығы. Мұнда балалар негізгі білім алатын пәндермен қатар креатив факультеттерде өздерінің шығармашылық таланттарын дамыта алады. Әртүрлі музыкалық жанрларды, музыка теориясы мен орындаушылық өнерді зерттеу Music факультетінде өтеді. Digital факультеті бағдарламалауды, веб-әзірлеуді, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласындағы әртүрлі озық технологияларды оқытады. Бейнелеу өнері, графикалық және архитектуралық дизайн арқылы балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған арнайы Аrt факультеті сыныбы бар. STEM факультеті физика, химия, биология, инженерия және робототехника бағдарламаларын қамтиды.

Димаш Құдайберген мен Арманжан Байтасов болашақ оқушыларды Білім күнімен құттықтап, оқушылардың ел дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Еске салайық, биыл 90 мың қазақстандық оқушы жаңа мектептерде білім алатынын жазған едік.

Талқылау