Димаш Құдайберген ағылшын тілінде қате сөйлейтіні үшін сынға қалды
Димаш Құдайберген ағылшын тілін нашар білетіні үшін сынға қалды. Сондай-ақ ресейліктер әншіні орыс тілінен бас тартқаны үшін сөкті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Blitz+ порталына сілтеме жасап.

"Қателік жібермеу үшін қарапайым тіркестерді жаттап ала аласың ба? Бүкіл әлемге танылғың келсе, ағылшыныңды жақсартуың керек", – деп жазды желі қолданушыларының бірі. Өзгелері оған қосылды.
Одан бөлек, ресейліктер Димашты орыс тілінен бас тартқаны үшін сынға алған. Әнші посттарын көбінесе ағылшын және қазақ тілдерінде жазады.
Айта кетейік, жуырда Димаш қазақ тілінде жазған әнінің үзіндісін жариялады. Аталған туынды Құдайбергеннің соңғы 5 жылда ана тілінде жазған алғашқы туындысы.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"