Димаш Құдайберген "Қазақстанның халық әртісі" атағын алды
Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның қатарында театр және кино актерлері мен эстрада жұлдыздары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ақорда” мемлекеттік марапатқа ие болған өнер иелерінің тізімін жариялады.
"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхаммед .Ахимовқа, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға, опера әншілері Шахимардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке, Димаш Құдайбергенге және күйші Айгүл Үлкенбаеваға берілді”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Жүрсін Ерманов “Отан” орденімен марапатталды.
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық