Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш финалда Майкл Джексонның әнін орындайды (фото)

«Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген шешуші кезеңде Майкл Джексонның әндерін орындайды.

20170413165650

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде Димаштың қытайлық әріптесі Шаң Венжемен Майкл Джексонның  бірнеше әндерін шырқағаны айтылды.

Қазір байқаудың ақтық кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Хунань телеарнасының бас ғимаратына қатысушылардың суреттері ілінді.

20170413165707

Есте болса, өткен сенбіде Hunan TV арнасынан Singer-дің жартылай финалы көрсетілді. Димаш итальяндық әнші әрі музыкант Адриано Челентаноның «Confessa» әні мен «5-элемент» киносының «The diva dance» ариясын қоса шырқады. Singer-дің жеңімпазы 15 сәуірде тікелей эфирде белгілі болмақ. Димаш ақтық сында қытайлық әнші Шаң Венжемен дуэт айтады. Жеңімпазға «Патша әнші» атағы беріледі.

Тағы да оқыңыз: 

Сәкен Майғазиев алғаш рет марқұм әкесі туралы естелігімен бөлісті (видео)

Директоры Ернардың жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты

Майра Ілиясова: Димашты Қазақстанда бағаламады деген сөзбен келіспеймін

 

Талқылау