Димаш Құдайбергеннің әкесі "Парасат" орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының атынан Қанат Айтбаевқа "Парасат" ордені табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марапаттау рәсімі мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өтті. Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марапатты композитор, продюсер және музыкант Қанат Айтбаевқа табыстады.

"Парасат" ордені ұлттық мәдениет пен өнердің дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ қазақстандық музыкалық шығармашылығын қолдау және насихаттау үшін берілді.
Қанат Айтбаев Димаш Құдайбергеннің әкесі ретінде де танымал. Ол бұған дейін жеке жағдайларына байланысты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн