Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дильназ Ахмадиева: Енеңіз бен күйеуіңіз қарсы болса да, сүйікті ісіңізбен айналысу керек

Дильназ Ахмадиева қазіргі жолдасымен, енесімен ара қатынасы жайлы айтты. Жолдасының өзіне әрдайым қолдау көрсеткенін жасырмайды. Әнші кім қарсы болса да әйел адам өз сүйген ісімен айналысу керек дейді. 

Дильназ Ахмадиева қазіргі жолдасымен бақытты. Әнші сахнада сирек көрінгенімен күйеуінің өзіне әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын айтады.

“Мен жолдасыммен біргемін. Оның менің адамым екенін уақытында түсінгенім қандай жақсы болған. Егер оны елемей, кері тартып жүргенде бәрі басқаша болар еді. Мұндайда әйелдің қабілеті керек. Қанша адам өз махаббатын кездестіре алмай жүр. Ал одан да көп адам өз ақымақтықтарының кесірінен бірге емес. Егер батылдық, нәзіктік секілді қасиеттер болмаса, біз де бірге болмас едік”, – деп жазды. 

Әнші енесімен жақсы қатынаста екенін жасырмай айтты. Қандай жағдай болмасын ене мен күйеудің тілін табуға болады деген пікірде.



“Жолдасым маған ешқашан қарсы шыққан емес. Менің дамуыма, сүйікті ісіммен айналысуыма үнемі қолдау білдірді. Көп әйелге күйеуі тыйым салып, әр нәрседе қарсы шығып отырады. Ол дұрыс емес. Қыздар, енелерің мен күйеулерің қарсы болса да, өз сүйген ісіңмен айналысу керек. Енеммен ара қатынасым жақсы. Менің жолым болды. Бізде бәрі қарапайым. Жақсы көреміз, түсіністікпен қараймыз”, – дейді Ахмадиева. 

Одан бөлек қыз бен жігіттің, әйел мен күйеудің ара қатынасы мүлде бөлек екенін айтады. 

“Қыз бен жігіттің ара қатынасы, ер мен әйелдің ара қатынасы мүлде бөлек. Әйел мен күйеудің ортақ көзқарасы, хоббиі болғаны жақсы. Егер олай болмаса, оған кәсіби массаж жасап беріңіз. Массажды желіден-ақ үйреніп алуға болады. Картинге, спа-салонға бірге барыңыздар. Осылай жақсы уақыт өткізуге болады”, – деп әнші тұрмыстағы қыз-келіншектерге кеңесін айтты. 

Мөлдір Төлебай
Дүйсенбі, 04 Қазан, 2021 08:31
Талқылау