"Дикий" Арманды қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды
"Дикий" Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат аганттігі.

"4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты", – делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.
Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 3-тармағы, 272-бабы, 2-бөлігі, 287-бабы, 4-бөлігі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура "Дикий" Арман туралы пікір білдіріп, "Мұндай адамдар ештеңеден тайсалмайды" деп айтқан еді.
"Бұл өмірде қосылмасақ, ана өмірде бірге боламыз": Астанадағы қанды оқиға алдында не болғаны белгілі болды
Марқұмның жақындары редакцияға сұхбат берді
"Тіпті бүркіттерді де үркітеді": Алматы мен оның маңын басып алған ауған қараторғайлары қандай зиян келтіреді?
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз