Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура "Дикий" Арманның не үшін тергеуде екенін айтты

“Дикий” Арман деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада мәлім болды. Сондай-ақ олар қылмыстық әлемінің серкесі қандай баптар бойынша тергеліп жатқанын айтты.

"Дикий" Арман атыс қаруын заңсыз иемденді, зорлық-зомбылықпен қатар жүретін қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, Жұмагелдиев абайсызда өлімге әкеп соқтырған заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыпталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Дикий Арман мен ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы алты мүшесі 7 қаңтарда Алматы қонақүйлерінің бірінде ұсталған болатын.

Жедел уәкілдер қылмыскерлерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен брондалған автокөлік тәркіледі. Бұл ретте қылмыстық топтың 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны белгілі болды.


Талқылау