Қарызы көп "Қазақстан темір жолы" халықаралық нарықтан 1 миллиард доллар алды

"Қазақстан темір жолы" 1 миллиард доллар көлемінде еврооблигация шығару үшін инвесторлардан өтінім жинауды аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экономист Эльдар Шамсутдинов теміржол операторы үшін қаражат тарту құны Қаржы министрлігіне қарағанда төмен шыққанын айтты. Яғни, инвесторлар ҚТЖ-ға мемлекетке қарағанда сәл арзан пайызбен ақша беруге дайын болған.
"Қазақстан темір жолы" 1 миллиард доллар қарызды халықаралық нарықтан облигация шығару арқылы алды. Ақша екі бөлікке бөлініп тартылды:
- 500 миллион доллар – 5 жылға, шамамен 5,25%;
- 500 миллион доллар – 10 жылға, шамамен5,375%.
Инвесторлар тарапынан сұраныс өте жоғары болған. Компания жоспарлағаннан 4 есе көп ақша, яғни 3,9 миллиард доллар ұсынылды.
“Бұл "халықаралық инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетеді және Қазақстанның квазимемлекеттік секторының жаһандық капитал нарығындағы тұрақты кредиттік беделін растайды" деп айтылған. Сонымен қатар жергілікті инвесторлар тарапынан сұраныс салыстырмалы түрде төмен болған”, – делінген KASE хабарламасында.
Биржалар KASE, AIX және Лондон биржасы арқылы өтті.
Эльдар Шамсутдинов бұл көрсеткіштерді 2025 жылғы маусымда Қаржы министрлігі жүргізген еурооблигация орналастыруымен салыстырды. Ол кезде 7 жылдық мемлекеттік облигацияның табысы 5%, ал 10 жылдық облигациянікі 5,5% болған. Бұл Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже деп танылған еді.
“Қазір ҚТЖ-ның нәтижелері инвесторлардың Қазақстан активтеріне, соның ішінде квазимемлекеттік компанияларға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. Бұл ұлттық компанияның мысалы болашақ қарыз алушылар үшін оң әсер беріп, бұрын болмаған төмен пайызбен қаржыландыру мүмкіндігін ашуы мүмкін”, – деді Эльдар Шамсутдинов.
Сонымен қатар ол инвесторлар ҚТЖ-ны Еуразиядағы баламалы логистикалық бағыт ретінде қарастырып отырғанын айтады. Оның пікірінше, оған Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы және Ормуз бұғазы маңындағы тәуекелдер әсер еткен. Оның айтуынша, облигация сатып алушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының кеңеюіне бәс тігіп отыр.
ОқыңызСоңғы кезде БАҚ-та және нарықта "Қазақстан темір жолының" қарыз көлемі жиі талқыланып жүр. 1 қазан жағдайы бойынша компанияның міндеттемелері 4,9 триллион теңгеге жеткен, бұл оның капиталына қарағанда 2,3 есе көп.
Қарызды азайту ҚТЖ-ны қор нарығына шығаруға дайындаудың негізгі шарттарының бірі ретінде бірнеше рет айтылған. Компания басшылығы мұны жүзеге асыру үшін мемлекет реттейтін тарифтерді көтеру қажет екенін атап өткен.
Бұған дейін "Қазақстан темір жолының" қарызы 3 триллион теңгеден асқаны туралы жазған едік.
Жоғары аудиторлық палатаның дерегіне сүйенсек, елдегі жүк тасымалының шамамен 70%-ы өзіндік құнынан төмен тарифпен жүзеге асырылады. Қазақстанда теміржол тарифтері ЕАЭО және ТМД елдерімен салыстырғанда ең төмен деңгейде қалып отыр. Ал көрші мемлекеттерде дәл осындай тасымал құны 2-4 есе жоғары.
Соның салдарынан Қазақстан темір жолының қаржылық жүктемесі арта түскен. Жаңа қарыздарды қоса есептегенде, компанияның жалпы берешегі 3 триллион теңгеден асып кеткен.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек