Тұман басып, түнде үсік жүреді: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты

Синоптиктер 28-30 сәуір Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы екі күн Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанды.
Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қарлы жауын-шашын болады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады деген болжам бар. 28-29 сәуірде оңтүстік облыстарда, 29-30 сәуірде шығыс облыстарда күн ашық болмақ. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман күтіледі.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ елдің орталығында 28-29 сәуірде түнде 3°С-қа дейін үсік жүреді деген болжам бар.
ОқыңызКүндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- батыста +15...+20°С дейін,
- солтүстік-батыста +17...+25°С дейін,
- солтүстікте +21...+26°С дейін,
- орталықта +21...+30°С дейін,
- шығыста +19...+27°С дейін,
- оңтүстікте +25...+34°С дейін,
- оңтүстік-шығыста +22...+27°С дейін.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек