Алматы метросының құрылысы кезінде 5 миллиард теңге жымқырылған: Тексеру нәтижелері жарияланды

Алматы метрополитенінің құрылысы кезіндегі қаржы жымқыру ісі кассациялық тәртіппен қайта қаралды. Нәтижесінде бұрын үшінші бір заңды тұлғаның шоттарынан табылған 127 миллион теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Метрополитен" КМК лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшылары және қызметкерлерімен алдын ала сөз байласу арқылы метрополитенді салу мен жабдықтауға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген.
Осылайша Алмалы аудандық сотының үкімімен "Метрополитен" КМК мен мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, келтірілген залалды ортақ тәртіпте өтеуге міндеттелді.
Алайда кассациялық тәртіппен сот актісінің заңдылығын тексеру кезінде жымқырылған қаражаттың 127 миллион теңгесі басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталды.
ОқыңызПрокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, көрсетілген қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.
“Аталған факт мемлекеттік қаржыға қол сұғушылық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын айқын көрсетеді және бюджет қаражатын пайдалану кезінде лауазымды тұлғалар мен өзге де қатысушылардың жоғары деңгейдегі адалдықты, заңдылықты және жеке жауапкершілікті сақтауға міндетті екенін айқындайды. Өйткені бұл саладағы кез келген заң бұзушылықтар мемлекет тарапынан ерекше бақылауда болады және қатаң құқықтық салдарға әкеледі”, – деп ескертті Бас прокуратура.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек